Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыстағы қапырық ыстықтан өрт өршіп тұр

Тек екі күні ішінде Шығыс Қазақстанда құрғақ шөп өрті бойынша тоғыз жағдай тіркелген

Жарма, Аягөз, Бесқарағай аудандары мен Семей қаласына жақын маңдағы ауыл-аймақта өрт шыққан.

- Бесқарағай ауданында 48 гектар құрғақ шөп өртенген, - деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар бойынша департаменттің баспасөз қызметі. - Бұндағы үш ауданда өрт шыққан. Жетыжар орман аумағында шыққан өртпен алысып жатқан орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне көмекке жергілікті тұрғындар қосылды.

Ал Семейдегі Жаңа Бажен ауылдық округіндегі 49 гектар аумақты шарпыған өртті сөндіруге бірден бес өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары жұмылдырылды. Аягөз ауданында 30 гектар құрғақ шөп тұтанып жатса, Жарма ауданындағы өрт шыққан аумақ ауданы анықталу үстінде.

- Жалпы Шығыстың әр өңіріндегі тілсіз жаумен күрес жұмыстарына барлығы жеке құрамның 42 маманы, 10 бірлік техник жұмылдырылды. Сонымен қатар, ауыл және орман шаруашылықтарының 30 жұмысшысы тартылған, - дейді мекеменің баспасөз хатшысы.

Бұл жағдайлардың көбіне адамдардың немқұрайлылығы себеп. Кейбірі найзағай салдарынан да тұтанған.



Следующая →