АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Флорида штатына "Майкл" дауылының жақындауына байланысты төтенше жағдай жариялады
АҚШ Президентінің айтуынша, Мексика жағалауын тас-талқан еткен дауыл Флорида мен Джорджия, Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарына да қауіп төндірмек.
Мемлекет басшысы "Майкл" дауылының "Флоренс" дауылына қарағанда әлдеқайда қауіпті, қуатты екендігін ескертті. Ал қыркүйек айында болған "Флоренс" дауылы қос Каролина штатынан адам өліміне себеп болған еді.