Жер сілкінген Индонезияда енді жанартау атқылап жатыр
Индонезияның жер сілкінісі болып, арты цунамиге ұласқан Сулавеси аралында енді жанартау атқылап жатыр
Елдің авиация қызметі қауіптіліктің сары белгісін жариялады. Дегенмен билік өкілдері әзірше тұрғындарды көшіруді ойлап отырған жоқ.
Биіктігі 1800 метрге жететін Сопутан жанартауы 20 жылдың ішінде 60 рет атқылаған.
Бұған дейін цунамидің кесірінен 1,2 мың адам көз жұмған болатын.