Гавайға қуатты Лейн дауылы жақындауда
Мұндай қатты дауыл Гавайда 1992 жылы ғана болған
АҚШ Ұлттық ауа райы қызметі Лейн дауылының соңғы отыз жылда бірінші рет болғалы отырған қуатты дауыл екендігін айтып отыр.
Дауыл Гавай аралдарына 25 тамыз күні келуі мүмкін. Дауылдың жылдамдығы 250 км/сағатқа жетпек.
Арал тұрғындарына екі аптаға азық-түлік дайындап алуға кеңес берілуде. Қазір тұрғындар дүрлігіп, дүкендерге ағылып жатыр.