Калифорнияда 20 мыңнан астам адам эвакуацияланады
Калифорния штатындағы Риверсайд пен Оранж аудандарының тұрғындары аймақтағы орман өрттерінің салдарынан эвакуацияланады
Калифорния губернаторы Джерри Браун осы аудандардың аумағында төтенше жағдай жариялады.
Айтуынша, өрт мыңдаған үйлерге қауіп төндіріп, билік жергілікті тұрғындарды көшіруге шақырды. Мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша, "Холи" деп аталатын табиғи өрт Риверсайд пен Оранж аудандарында 4 мың гектарға жуық аумақты қамтыды.
Бірнеше апта бойы Калифорнияда орын алған табиғи өрттерден кемінде 10 адам қаза тапқаны белгілі болды.