Өскемен
облачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +17°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +25°
$
535.13
-2.78
627.44
-1.43
¥
75.05
-0.31
6.52
-0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда жер сілкінді

27-ші шілдеге қараған түні Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі орын алды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы" ММ стансалар желісі Алматы қаласында 3 минутта қайталанған 2-3 балдық екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- 2018 жылдың 26 шілдесінде 23 сағат 29 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 109 км қашықтықта (Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шолақ ауылының маңы) орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы - 11.4. Тербелісі - 5.4. MPV. Тереңдігі 15 км, - делінген хабарламада.

Алматыда жер дүмпуі 2 балл деңгейінде сезілді.

Жер сілкінісі арада 3 минуттан соң сағат 23:32-те қайталанды. Жер дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 111 шақырымда тіркелді. 


Зілзаланың энергетикалық класы - 12.1. Тербелісі - 5.7. Тереңдігі 30 км. Жер дүмпуі Алматы қаласында 2-3 балл болды.

Следующая →