Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Сенбі күні Англияның оңтүстік-батысы мен Уэльс аумағында 4,4 магнитудалық жер дүмпуі орын алды
Бұл туралы "Скай ньюс" телеарнасы Британдық геологиялық қызметке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Сілкініс ошағы 11 км тереңдікте, Суонси қалсынан 18 км қашықтықта орналасқан. Жер асты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.30-да сезілді.
Осы себеп бойынша Суонси университеті жатақханасынан адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Апат салдарынан зардап шеккендер және қираулар болған жоқ.
Бұл Ұлыбританиядағы соңғы 10 жылда болмаған ең қатты жер сілкінісі.