Францияда "Элеанор" дауылы басталды
Францияның Иль-де-Франс аймағында қауіптің сары белгісі белгіленді
Желдің жылдамдығы сағатына 130-140 километрге жеткен. Нормандия аймағындағы 200 мың үй жарықсыз қалды. Пойыз мен ұшақ қатынасы тоқтатылды. "Энедис" ұлттық электр компаниясының айтуынша, электр жарығын жөндеу үшін екі мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған.
Дауылдың күші Парижге де жетіп қалды. Мұнда Эйфель мұнарасы мен саябақтардың барлығы жабылды. Шарль де Голль мен Орли әуежайынан ұшатын ондаған рейс тоқтатылды.
Әзірше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.