Қазақстанның солтүстік аймағында жер сілкінісі орын алды
Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Қостанай облысының тұрғындары жерасты дүмпулерін естіген
Қостанай облысында дүйсенбіге қараған түні 3,9 магнитудалы жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды ҚР БМ ғылым бойынша комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы.
8,1 энергетикалық классты жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 1438 шақырымындағы 5 шақырым тереңдікте орналасты.
Эпицентр координаттары – солтүстік ендіктен 52.48 градус, шығыс бойлықтан 63.50 градус.
Сейсмологтардың ақпараттары бойынша, МSК-64 12 балдық шкаласы бойынша 2 балдық қарқынды дүмпулер Рудный қаласында сезілген.
Следующая →