Оңтүстік Қытай жағалауына "Хато" тропикалық дауылы жақындап келеді
Қытайдың орталық метерологиялық қызметі елдің оңтүстік және шығыс өңіріне осы маусымдағы 13-ші тропикалық дауылдың жақындап келе жатқандығына байланысты қауіпсіздіктің көк деңгейін жариялады
Метеорологтардың болжамынша, 23 тамызда "Хато" дауылы шығыстағы Фуцзянь, ал оңтүстікте Гуандун провинциясына жетуі мүмкін.
Қазіргі таңда дауыл Тынық мұхитындағы Шаньтоу (Гуандун провинциясы) қалалық округінен оңтүстік-шығысқа 830 шақырым жерде. Желдің жылдамдығы циклонның орталық бөлігінде секундына 20 метрді құрайды. Тропикалық дауыл солтүстік-батыс бағытта сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жылжуда.
Жергілікті билік өкілдері қажетті алдын алу шараларын жүргізуде. Бүкіл Қытайда қауіптілікті хабарлау жүйесі қызмет етуде.
Следующая →

Тақырыптар:
Шторм "Хато" у берегов Южного Китая