Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленбек

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Көшенов су тасқынынан зардап шеккендерге 20 мамырға дейін өтемақы төлейтіндігін айтты

Аймақ басшысы 91 үй суы астында қалған Бұқар Жырау ауданындағы Чкалово мен Садовое ауылдарына болып қайтты.  

Сонымен қатар Е.Кошенов зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, оларға көмектесетіндігін айтты. Аптаның соңына дейін залал келген мүліктерді бағалайтын комиссия өз жұмысын аяқтасын деп тапсырма берді.

Комиссия облыстың барлық аймақтарында жұмыс жасап жатыр. Бұқар Жырау ауданындағы 109 тұрғын материалды залал келгендігі жайында арыз берген. Оның 64-і Чкалово, ал 40-ы Садовое ауылынан.

Алдын ала жүргізілген бағалау жұмыстарының арқасында ешқандай үйдің бұзылмағандығын анықталған. Үйлердің көпшілігі күрделі жөндеуді қажет етеді. Алайда соңғы сөз комиссияның құзіретінде.

Өтемақы аудан бюджетінде төтенше жағдайларға арнап сақталған қаржы қорынан төленеді. Жетпеген жағдайда, облыстық бюджетте сақталған 1,8 млрд. теңге сомадан көмек көрсетіледі.

Су тасу кезеңінде облыс бойынша барылғы 2079 тұрғын мен 7146 бас мал саны эвакуацияланған болатын. Қазіргі уақытта 1839 тұрғын өз ауылына көшіріліп, 5605 бас мал саны қайтарылды.

Следующая →