СҚО су тасуға байланысты 5000-нан астам адам эвакуацияланды
СҚО ІІБ Петропавл қаласына қарасты 4 кентті эвакуациялау туралы шешім қабылдады
Су астында қалмас үшін Петропавл қаласында қарасты 4 кенттің – Заречный, Тепличное, Прибрежное, Хром кентінің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілуде.
Заречный кентінде 2975 адам, Хром кентінде 265 адам, Тепличное кентінде 656 адам және Прибрежное кентінде 1520 адам тұрып жатыр.
Аталмыш аудандардағы 276 үй су астында қалды. 994 адам эвакуацияланды: оның ішінде 170-і балалар болса, 17-і мүгедек жандар. Түсіндіру жұмыстары жүргізуде, эвакуация жалғасуда.
Заречный кентінде 48 адам эвакуацияланды, Оның 33 тұрғыны эвакуациялық орында түнеуге қалды. Қалғандары туған-туыстарының үйіне кетті.
СҚО ІІБ хабарлап отырғандай, Солтүстік Қазақстан облысы суда қалу қаупі орын алып отыр. Есіл өзенінің бұлай тасу 23 жыл бойы еш тіркелмеген екен.
Ал сейсенбі күні Кажовенный кентінен 215 адам эвакуацияланды. Ал Заречный кентінен 26 адам, 80 бас ірі қара малы құтқарылды.