Тасыған өзен Ақмола облысында 200 метрлік жолды шайып тастады
Ақмола облысында қардың еруінен және Селеті өзенінің арнасынан көтерілуінен аудандық маңызы бар грейдерлі автожолды су басты
Мекеменің ақпараты бойынша су шайған жолдың кеңдігі 200 метрді құрады. Осыған байланысты Бестоғай және Ерементау ауылдарының арасындағы жолдары (50 шақырым) жабылды.
Ауылдық округ әкімдігінің ақпаратына сәйкес, мұндай су шаюлар жыл сайын қайталанады және 5-10 күнге созылады. Бестоғай ауылында 121 үй бар және онда 354 адам тұрады, мектеп, ауылдық мәдениет үйі, фельдшер пункті бар.
Ауылда алдын ала азық-түліктер мен дәрі-дәрмектер алынып қойды. Науқастар, жүкті әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар ауылдан Ерементау ауылына алдын ала шығарылды.
ТЖД-да екі ауылды Селеті өзені арқылы байланыстыратын екі жүзу құралы бары және күзет орнатылғандығы хабарланды.