Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Науқас бала қар құрсауында қалды

Знаменка ауылының кішкене тұрғынына дәрігерлер көмегі қажет болды

Қатты соққан боранның кесірінен жолда қалған жедел жәрдем көлігіне құтқарушылар көмегі қажет болған. Өйткені жедел жәрдем көлігінде науқас бала болған.
- Шұғыл көмек көрсету үшін құтқарушылар тобы оқиға орнына жетіп, баланы Семей қаласына жеткізген, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. – Ал 23 қаңтарда Жарқын ауылынан құтқарушылар тағы екі баланы тасымалдады.

Сонымен қатар, ШҚО ТЖД мәліметтері бойынша 12.00-ден бастап жабық болған Жезкент-Бородулиха тас жолы бойында Жезкенттен тоғыз шақырым жерде бір көлік қар құрсауында қалды. Арнайы көлік жолды жарып өте алмағандықтан, құтқарушылар бір шақырым жерді жаяу жүріп өтуге мәжбүр болған. Осылайша ӨБ-52 қызметкерлері төрт ересек адам мен бір баланы қар құрсауынан алып шықты. Тағы осындай оқиға Семей-Қайнар жолында да орын алып, құтқарушылар үш адамды алып шықты. Семей қаласынан қырық шақырым жерде олардың көлігі сынып қалған. Зардап шеккендер жоқ.
Следующая →
Тақырыптар: ДЧС ВКО