Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Өнеркәсіп қалдықтарында орын алған қайғылы оқиға жайттары белгілі болды

Өскемен қаласындағы өнеркәсіптік қоқыс қалдықтарының үйіндісі астында қалған азаматтарды құтқаруға жол полициясының қызметкерлері көмектесті.

Происшествия в Казахстане и мире / ЧП в Казахстане и в мире / Стали известны новые обстоятельства трагедии на свалке промотходов
Фото:
nnm.me

Сенімді дереккөздердің ақпаратына сәйкес Өскемен қаласының Ішкі істер басқармасы жол полициясының екінші рота ботальон қызметкерлері күзетілмейтін аймақты потрульдеу қызметін атқарып жүргенде оларға жүгіріп келген адамдар жазатайым оқиғаны баяндап, көмек көрсетуді сұраған. Ойланбастан бірден көмекке келген жігіттер қара күшке сеніп өз қолдарымен үйіндінің астында қалған азаматтарды іздеп қаза бастайды. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел-жәрдемді шақырған да солар еді.

ШҚО Төтенше жағдайлар депортаменті қызметкерлері келгенше екі адамды үйінді астынан құтқарып алып шыққан. Бір адам жедел-жәрдем келмей жатып қайтыс болды. Ал тағы бірінің сол жақ жамбасы сынып, бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.

Ал дәйексіз мәліметтер бойынша үйінді астында қалған төрт жігіттің үшеуі қандас туыстар болған. Тек олардың біреуі аман қалды.

Бізге ержүрек потруль қызметкерлерінің есімдері белгілі болды. Олар: Ерлік Көкөшев, Тілек Кенжебаев, Архат Бақтияров және Азамат Қайырбеков.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 16 күні төрт адам өнеркәсіптік қалдықтар астында қалған. Олардың үшеуі қаза тапты. Қазір қайғылы оқиға деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу істері жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің «абайсызда адам өлтіру» тармағына сәйкес қылмыстық іс те қозғалды.

Следующая →