ЗИКА вирусын 4 миллионға жуық адам жұқтыруы мүмкін
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары биылғы жылы Оңтүстік және Солтүстік Америкада 3-4 миллионға дейін адам Зика вирусын жұқтыруы мүмкін деген болжам айтады
Фото:
kommersant.ru
- Бізде Зика вирусын жұқтыру болжамы үштен төрт миллион адамға жуық болуы мүмкін, - дейді Америка елдері үшін ДДСҰ аймақтық бюросының қызметкері Маркос Эспиналь.
Бұған дейін ДДСҰ Зика вирусының өршуіне байланысты шұғыл отырыс өткізу туралы шешімін жариялаған болатын. – Қатер деңгейі жоғары, - деді ұйым басшысы маргарет Чан Женевадағы ДДСҰ-ға мүше елдер кездесуінде. – Кездесудің мақсаты – вирустың дендеуін денсаулық сақтау саласындағы халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп бағалауға болатындығын анықтау.
Зика ауруы адамдарға Aedes Aegypt массасының шағуы арқылы таралатын көрінеді. Ол жүкті әйелдер үшін өте қауіпті. Себебі нәресте ми патологиясымен дүниеге келуі мүмкін.
Вирус Африкада пайда болып, кейін Латын Америкасын жаулаған. Соңғы кездері Зика ауруына шалдыққандар Еуропа елдерінде де тіркелген.