Жамбыл облысында ҰҚК офицері қайтыс болды
Қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҰҚК ресми сайтында хабарлады
Комитет ұсынған ақпаратқа сәйкес, 27 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты.
Аталған факті бойынша Ішкі істер министрлігі оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, - делінген хабарламада.
Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қазіргі уақытта қажетті көмек көрсету шаралары қабылданып жатыр.