Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Франциядағы орманды кім өртегені белгілі болды

Чехия мен Германия шекарасындағы алапат орман өрті «Чех Швейцариясы» ұлттық паркіне едәуір шығын келтірген

Происшествия в Казахстане и мире / ЧП в Казахстане и в мире / Во Франции задержали поджигателей леса
Фото:
pixabay

Жақын ауылдардан 500 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт өткен демалыста басталған. Жалынды ауыздықтағандай болып еді, алайда бейсенбі күні қайта өршіді.

Шекаралас екі елдің жүздеген өрт сөндірушілері тілсіз жаумен күресіп жатыр, оларға көршілес Польша мен Словакиядан әріптестері көмекке келген.

Италиядан да екі өрт сөндіру ұшағы келіп жеткен.

Франциядағы БАҚ-тың хабарлауынша, өрт сөндіруші волонтерлердің бірі Эро ауданында қасақана өрт шығарғанын мойындаған.

Ол отбасындағы күйбең тіршіліктен шаршап, өрт сөндіріп адреналин алғысы келгенін айтқан. Қазір өрт сөндіруші ұсталған.

Францияның оңтүстік-шығысындағы Ардеште өрт сөндірушілер жалынмен күресті жалғастырып жатыр.

Бұндай ауқымды өртті біз көп жылдан бері көрмеген едік, - деді өрттен ең көп зардап шеккен Луссаса қаласының мэрі.

1200 гектар орманды жойып жіберген жалынмен күресіп жатырмыз, бүгін таңертең оны ауыздықтадық, – деді SDIS Ardèche апаттық операциялары басқарушы Жан-Филипп Ладе.

Следующая →