Қазақстанның үш өңірінде төтенше жағдай режимі тоқтатылды
Мемлекет басшысы төтенше жағдайды жою туралы Жарлыққа қол қойды, құжат бүгін таңертең күшіне енді
Фото:
В.Иванов/Устинка LIVE
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жарлықтарымен еліміздің үш облысында-Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдайды жойды.
Тиісті Жарлықтар сәрсенбіде Президенттің сайтында жарияланды.
Осы құжаттарға сәйкес, 13 қаңтарда 7.00-ден бастап осы аймақтардың шекарасында төтенше жағдай режимі тоқтатылады.