Түркістанда той жасаған тұрғын жауапқа тартылды
Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде той жасаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды
Өз үйінің ауласында адамдардың басын қосып, той жасаған азамат енді заң алдында жауап беретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, той жасаған тұрғын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай енгізу туралы қаулысын ескермеген. Оның той жасағаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған. Аталған жайт бойынша Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын атқарып, тойдың Түркістан қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде өткенін анықтаған.
- Қалалық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзып жиын өткізгені үшін той иесі, жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы "Төтенше жағдай режимiн бұзу" бойынша хаттама толтырды. Аталған жайтқа байланысты жинақталған іс-құжат Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, - делінген хабарламада.
Облыс полицейлері тұрғындарға заңға бағыну керектігін ескертеді.