Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Бір күнде бес адамның ажалы оттан келді

Ұлан және Бородулиха аудандарында бір күнде екі түрлі оқыс оқиға орын алып, тілсіз жау бес адамның өмірін жалмады

Ұлан ауданындағы Асубұлақ ауылында жер үй түгелдей өртке оранған. Кейін анықталғандай, өрттің шығуына электр-жылытқыш құрылғы себеп болған. Жер үйде 73 жастағы қария мен оның 14 жастағы немересі тұрып жатқан екен. Немересі бала кезден церебралды сал дертіне шалдыққан.

- Қария әлеуметтік әлсіз топ қатарында болған. Өрт сөндірушілер қарияның үйіне жиі келіп, қауіпсіздік шараларын ескертіп отыратын. Бірақ қатты қызыған жылытқыш құрылғы жанындағы заттарға тиіп, өрт шыққан. Құтқарушылар бірнеше сағат бойы жалындап жанған өртпен алысқан, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Кейін жатын бөлме еденінен қарияның және кереует үстінде жатқан немересінің денесі табылды.

Ал Бородулиха ауданындағы Камышенка ауылында сіріңкемен ойнаған екі балаға иіс тиіп көз жұмды.

- Ерлі-зайыптылар арасында жанжал шыққан. Ішімдікке мас отағасы үйден шығып кеткен. Ал зайыбы екі баланы үйде қалдырып, есікті сыртынан бекітіп, жолдасын іздеуге кетіп қалған, - деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, балалар сіріңкемен ойнауға әуес болыпты. Бірінің жасы – 5-те, екіншісі 4-те болған. Жалпы өрт ауданы 2 шаршы метр ғана болса да, балалар түтінге уланып қалған. Қазір осы іске қатысты материалдар полицияға табысталды.

Жалпы, облыстық Төтенше жағдайлар бойынша департамент мамандары ұсынған ақпараттарға сүйенсек, жылыту маусымы басталғалы 500 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 40%-ы жер үйлерде орын алған. 13 рет өрт оқиғасы балалардың шалалығынан болған. Барлығының арты қайғылы аяқталды. Жалпы жылыту маусымы басталғалы 13 адам көз жұмды, оның үшеуі - балалар.

Следующая →