Көктөбедегі өртте бір адам қаза болды
Алматы полициясы Көктөбедегі өрт кезінде табылған мүрденің кім екенін және адам өліміне не себеп болғанын анықтауда
- Қазір полиция адам өліміне қатысты тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында қаза болған адамның кім екенін анықтап жатыр. Осы мақсатта сот медициналық сараптама, басқа да зерттеулер тағайындалды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде адамның неден өлгені анықталады, - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, Көктөбе тауындағы құрғақ шөп кеше өртенген болатын. Төтенше жағдайды ауыздықтау үшін тікұшақтар іске қосылды. Тілсіз жау 10 гектар аумақты шарпыды.
Кейін оқиға орнына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барған болатын.