Шымкентте жүргізуші көлік тұрағында жасөспірімдер тобын қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы 27 мамырда сағат 16.00-де автокөліктерге арналған қалалық тұрақтардың бірінде орын алды
Шымкент Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекші бөлімге Opel Kadett маркалы автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған балаларды қағып кеткендігі туралы дабыл келіп түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Жол-көлік оқиғасына келген полиция қызметкерлері ер адам алты жасөспірімді қағып кеткенін анықтады. Бір бала ауруханаға жатқызылды, қалған 5-еуі медициналық тексеруден кейін үйлеріне жіберілді.
Қазіргі уақытта "Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізілуде.