Тайландтың оңтүстігінде бірнеше лаңкестік болды
Қаза тапқандар бар
Алдын ала деректерге қарағанда екі адам көз жұмған, оның бірі полиция қызметкері, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Лаңкестік шабуылдар Тайландтың бірнеше провинциясында болған. Алдымен Сонгхла аймағында темір жол бекеті жарылып, бір адам қаза табады.
Осыдан кейін Наратхиват провинциясында қаруланған азаматтар полиция қызметкерлеріне оқ жаудырып, тағы да дүрбелең тудырған. Екі полицейдің бірі көз жұмып, екіншісі жаралы күйінде ауруханаға жеткізілді.
Айта кеткен жөн, 2004 жылдан бері Тайландтың оңтүстігінде сұлтанат құрғысы келген бірнеше лаңкестік топтар пайда болған еді. Содан бері лаңкестік шабуылдың кесірінен 7 мыңнан астам адам өмірі қыршынынан қиылды.