Әкімнің орынбасары торт кесу барысында жарақат алған
Мемлекеттік қызметкер 26 мамыр күні кеуде тұсынан пышақ жарақатын алып, ауруханаға түсті
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, торт кесу кезінде абайсызда жараланып қалған, деп жазады Sputnik Қазақстан. Шенеунік жарақаттың ешқандай қылмыстық әрекеттің салдары емес, тұрмыстық жағдайда алған жарақат екенін алға тартады.
Айдаровтың айтуынша, кешке абайсызда жараланып, түнде жара қанай бастаған соң жедел жәрдем шақыртқан.
Полиция хаттамасында да тұрмыстық жарақат деп көрсетілген. Жедел жәрдем таңғы 5-тер шамасында жеткен. Қазіргі уақытта әкім орынбасарының денсаулығына төнген қауіп жоқ.