Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде бала терезеден құлап түсті
Балабақшаның терезесінен құлап кеткен екі жасар қыз ауыр жарақат алды, қазір жан сақтау бөлімінде
Оқиға салдарын анықтау үшін Талдықорған полициясы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan сайты.
Алдын ала тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындамау" бойынша жүзеге асырылады. Бүлдіршін облыстық ауруханаға жеткізілді.
- Бізге екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен бала туралы хабарлама келіп түсті. Жағдайының күрделі болуымен байланысты, бала дереу балалық аурухананың жан сақтау бөлімшесіне жеткізілді.Нейрохирург оны тексерді, гематома жоқ. Баланың қолдары мен аяқтарына зақым келген, - деп түсіндірді облыстық балалар ауруханасының директоры.
Сонымен қатар, дәрігерлер қыздың жағдайы күрделі екенін айтады.