АҚШ-та әскери оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапты
АҚШ-тың Калифорния штатындағы "Кэмп-Пендлтон" теңіз жаяу әскері базасындағы оқыс оқиға салдарынан тағы алты әскери қызметкер зардап шекті
Әскери оқу-жаттығуларды өткізу кезінде базада барлау батальонының сарбаздарын тасымалдайтын брондалған автокөлік аударылып қалды, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Оқиға салдарынан бір сарбаз қаза тауып, алты адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың өмірне қауіп төніп тұрған жоқ.
АҚШ теңіз жаяу әскерлері корпусы (ТЖӘК) заңды түрде ӘТК бөлігі болып табылады, алайда АҚШ Қарулы Күштерінің жеке түрі болып қалады. Ол тез әрекет ету әскерлерінің рөлін орындайды және ең жауынгерлік бөлімдерден тұрады. Оның құрамына төрт теңіз жаяу әскерлері дивизиясы, төрт әуе және төрт теңіз логистикалық тобы кіреді, ал қару-жарағында танктер, артиллерия және жауынгерлік ұшақтар бар. ТЖӘК саны-шамамен 182 мың адам.