Француздық Лурдта белгісіз біреу бірнеше адамды кепілге алды
Оқиға орнына келген Raid француз полициясының арнайы жасағы кепілге алынғандарды босату операциясын бастады
Қарулы адам Францияның оңтүстігіндегі Лурд қаласында сейсенбіде, 23 сәуір күні адамдарды кепілге алды.
Вокзалға жақын жерде Моцарт көшесіндегі үйде қылмыскер екі немесе үш адамды кепілге алды. Кепілге алынған адамдар сол үйде тұратын жанұя - ер адам, оның әйелі және олардың ересек қызы болуы мүмкін. Куәгерлердің бірі қарулы ер адам тұтқындалған ерлі-зайыптының қызының танысы екенін хабарлады. Босату бойынша арнайы операция кезінде бірнеше атыстар естілді. Полиция аудан маңында қауіпсіздік аймағын құрды.