Астанада газ жарылып әйел адам көз жұмды
Астанада ғимаратта газ жарылып, салдарынан бір әйел көз жұмды, тағы үшеуі зардап шекті
Астанада ғимараттардың бірінде газ баллоны жарылып, үйінді астынан әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, әйелдің денесі сенбіге қараған түні сағат 01:18-де табылған.
Бұған дейін ғимараттың ішінде орналасқан кәсіпорынның есепшісі үйінді астында қалуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Еске сала кетсек, кеше сағат 17:06-да Алаш тас жолындағы "МолПродуктсервис" компаниясының ғимаратында газ баллоны жарылды. Салдарынан бірінші және екінші қабаттардың арасы опырылып түскен.