Бұл туралы әуе компаниясына сілтеме жасай отырып, BBC телерадиокорпорациясы хабарлады.
Оның ақпараты бойынша, ұшақ бортында шамамен 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған.
Сондай-ақ, бортта 33 мемлекеттің азаматтары болғандығы да хабарланады.
Апат 11:44-де (Астана уақыты бойынша) Эфиопия астанасындағы әуежайдан ұшқаннан кейін алты минут өткенде орын алды. Әуе апатының себебі белгісіз. Ethiopian Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы Аддис-Абебадан Найробиге рейсті орындаған.
- Премьер-Министрдің кеңсесі Эфиопия Үкіметі мен халқының атынан бүгін таңертең Найробиге тұрақты рейс жасаған Ethiopian Airlines Боинг - 737 ұшағында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады, - деп жазды Эфиопияның Премьер-Министрі Абий Ахмед Али Twitter-де.