АҚШ-та ұшақ көп қабатты үйге соғылды
Америка құрама штаттының Флорида штатының Форт-Лодердейл қаласында жеңіл моторлы ұшақ үйге соғылды
Piper PA-25 ұшағы бір моторлы және бір адамға есептелген. Жеке басы анықталмаған қайтыс болған ұшқыш борттағы жалғыз адам болған.
Ұшақ тұрғын үйдің 16 және 17 қабаттарының арасында бассейннің палубасына соғылған. Өрт сөндірушілер ғимараттағы барлық адамдарды эвакуациялаған, зардап шеккендер туралы хабарланбайды.
Ұшақ Пемброк-Пайнстың North Perry әуежайынан ұшқан (Флориданың оңтүстік-шығысындағы қала). Оқиғаны АҚШ-тың Тасымалдау қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық комитеті тексеруде.