Кубаға метеорит түсті
Геофизика институтының қызметкерлері метеорит фрагменттері темірден, никельден және магний силикатынан тұратындығын анықтады
Кубалық ғылым, технологиялар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі метеорит аралдың үстіне жалын түрінде ұшып, көптеген бөлшекпен түскенін растады.
Метеорит ақпанның 1-і күні Пинар дель Рио провинциясында байқалды. Қазіргі уақытта ең үлкен бөлігі Палмарито аймағында табылды, оның өлшемі 11 сантиметр.