Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Қырғыз шекарашылары қазақстандық азаматты атып тастады

Үш қазақстандық азамат Қырғызстаннан жылқы ұрлап қашпақ болған

ҚР ҰҚК сайты хабарлағандай, 2019 жылғы 23 қаңтарда Тараз шекара отрядының “Жасөркен" заставасына қарама-қарсы жерде, Қырғыз Республикасының шекара жасағы 10 жылқыны Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына айдап өтпекші болған 3 шекара бұзушыларды ұстау әрекетін жасаған.

Ұстау кезінде шекара бұзушылар суық қаруды қолдану арқылы қарсылық көрсеткен. Аталған жағдайда қырғыз шекарашылары қару қолданған. Нәтижесінде бұзушылардың бірі оқ тиген жарақат алған. Қалған екі белгісіз адам жылқылармен Қазақстан Республикасы аумағында жасырынған.

Сағат 12.15-те оқты жарақат алған шекара бұзушы (Қазақстан Республикасының азаматы, тергеу мүддесінде белгілік мәліметтері жарияланбайды) Талас ауылы ауруханасына тасымалдау кезінде қайтыс болды.

Қазіргі уақытта Тараз шекара отрядының күштері және құралдарымен шекара бұзушылар мен жылқыларды іздеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қайтыс болған шекара бұзушы бұған дейін ҚР ҚК 392 бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша сотталғандығын айту қажет.

Следующая →