Германияда оң партия өкілдерінің наразылық шаралары өтуде
Ереуілшілер сол парияның кеңселеріне тас пен жұмыртқа атып, тілшіге шабуыл жасады
Pro Chemnitz акциясы аясында Сол партияның жергілікті кеңсесіне шабуыл жасалды. Алайда зардап шеккендер жоқ.
MDR медиакомпаниясының ақпараттарына сүйенсек, Pro Chemnitz ереуілі Rothaus-тан 50 метр жерде орын алған. Оған бес немесе он азамат қатысқан.
Ереуілшілердің бірі камерасы бар тілшіні соққан. Ал тілші арызданудан бас тартты, деп мәлімдеді полиция бөлімшесінде.
Бұл күні Хемницедегі тәртіпті 800-ге жуық полиция қадағалады. Барлығы 15 тәртіп бұзу фактісі анықталды.