Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада "Жастар" театрының шатыры өртенді

ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт жексенбі күні болған

Елорданың Сарыарқа ауданындағы орналасқан театрда өрт жексенбі күні сағат 16:58-де басталған, деп хабарлайды 24.kz.

- Есенберлин көшесі 10-үйдегі үш қабатты "Жастар" театрының шатыры жанып жатыр. Жалын шарпыған аумақ алдын ала болжам бойынша 25-30 шаршы метрді құрайды, - деп хабарлаған ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Адамдардың эвакуациясы жүргізілмеген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 16 техника мен 60 өрт сөндіруші жұмыс істеді.

Ал соған дейін Төтенше жағдайлар комитеті "Жастар" театрын қою түтін басқаны туралы хабар түскенін мәлім еткен болатын. Оқиға орнына алдымен 40 адам мен 10 техника аттандырылды. Бірақ құтқарушылар жалынды байқамаған. Кейін мән-жәйды анықтау үшін ғимарт ішін шолуға кіріскен.

Өрт сағат 17:44-те сөндірілді.

Следующая →