Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Ресейде үш күндік аза тұту жарияланды

Кемероводағы "Зимняя вишня" ойын-сауықтық орталығындағы өртте қаза болғандарды еске алуға арналған қазалы күндер сейсенбіден бастап үш күнге созылады

Кузбасстың мәдени мекемесі осы аптаға арналған барлық сауықтық шараларды кейінге шегерді.

Естеріңізге сала кетейік, Кемероводағы  "Зимняя вишня" орталығындағы өрт 25 наурыз күні орын алған. Өрт кинозалдар орналасқан соңғы қабатта шығып, қаншама сәбидің өмірін жалмады. Соңғы деректерге сүйенсек, өрттен 64 адам көз жұмып, 13-і ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға жатқызылған 11 жастағы баланың жағдайы мүшкіл. Сонымен қатар, із-түссіз жоғалып кеткендер туралы деректер бар.

Оқиға орнында жүздеген құтқарушылар, дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеуде.

Қаза болғандардың саны жағынан бұл оқиға 2009 жылы Пермьдегі "Хромамыр лошадь" клубындағы өрттен кейін екінші орында тұр.  Онда 156 адам көз жұмған еді.

РФ үкіметі қаза болғандардың отбасына 1 млн рубль көлемінде көмек беруге шешім қабылдаса, дәл осындай сомада Кемеров облысының билігі де көмек көрсетеді.
Следующая →