Сергей Мавроди қайтыс болды
"МММ" атты қаржылық пирамиданы құрған Сергей Мавроди Мәскеу ауруханасында қайтыс болды
Тұрғындар Мавродиді троллейбус аялдамасында есінен танып жатқан жерінен тауып алған. Олар жедел жәрдем шақырып, Боткин ауруханасына жеткізген, деп хабарлайды Интерфакс.
Медициналық көмек жасалған, алайда науқас аурухана койкасында қаза тапты. Өлімнің себебі мәйітті кесіп, талдау жүргізгеннен кейін ғана белгілі болады. Дегенмен дәрігерлер оның суықтан не жүрек талмасынан көз жұмуы мүмкін дегенді айтады.