Флоридада жарылғыш зат ұстаған жасөспірім құрықталды
Сыныптастарына сес көрсеткен жасөспірім жарылғыш затты өзі жасап шыққан
Полиция қызметкерлері Флоренцияда бомба жармақ болып сыныптастарын қорқытқан 16 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды РИА Новости.
26 ақпан күні онлайн ойын ойнаған жасөспірім ақылға сыймайтын нәрселер айтып, өзге ойыншыларды қорқытқан. Ал басқа жасөспірімдер мұны дереу полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары күдіктінің үйін қарап, жасанды жарылғышты тауып алған.
Оқиға орнына Федералды тергеу бюросы мен саперлар келген.