Неміс ханзадасы қонақ үйдің шатырынан құлап қаза тапты
Ал, шын мәнінде, ханзада түрмеге отыруы қажет болатын. Ол алаяқтық жасағаны үшін абақтыға тоғытылған
Ханзада Карлос Патрик Годхард Франкфуртте орналасқан 21 қабатты қонақ үйдің шатырынан құлап кетті, деп хабарлайды Тенгриньюс. Қайғылы оқиғаның себебі белгісіз. Бірақ ханзада өз-өзіне қол салуы мүмкін деген болжам бар.
Ханзада, негізінде, сотталған. Ойскирхен түрмесіне қамалған болатын. Алайда оның мәйіті түрмеден 300 шақырым жердегі қонақ үйдің маңынан табылып отыр. Ол абақтыға қаржы қорында алаяқтық істермен айналысқаны үшін отырған.