Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қарағанды облысында 17 жастағы жігіт екі адамды өрттен құтқарды

Қазіргі уақытта дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын ауыр деп бағалауда

Северо-западное кентіндегі жер үйде газ баллоны жарылған. Ал үйдің иесі Елена Ефимова ұлы мен оның ғашығын қалдырып, жұмыстарымен кеткен көрінеді, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

Қарағанды облысындағы жер үйлердің газ жарылысынан екі адам ажал құша жаздады. Өртенген баспана ішінде өлім аузында қалған оларды көршісі алып шыққан. Денелері оңбай күйгендер қазір ауыр халде, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал тілсіз жау екі пәтерлі үйдің бірін жермен-жексен еткен.

Елена Ефимова баспананың өртенгенін көршілерінен естіп, үйіне құстай ұшыпты. Ұлы мен оның ғашығын жедел жәрдем алып кеткен. Ал өрт сөндірушілер қызыл жалынмен бірнеше сағат алысқан. Алайда баспананың дымы қалмай жанып кетті. Өрт газ жарылысынан болғанын да естіпті.

- Өткен айда ғана су жаңа газ пешін сатып алғанмын. Арнайы мамандар келіп пешті қосып, газ баллонын орнатып кеткен еді. Неден ақау шыққанын білмеймін. Ең бастысы балалар үшін алаңдаймын. Жандары қалса екен, - дейді зардап шегушінің анасы Елена Ефимова.


Следующая →