Шри-Ланкада Қазақстан азаматы көз жұмды
Азаматшаның неден көз жұмғаны әлі белгісіз, ал туыстарында мәйітті елге жеткізуге қажетті қаржы жоқ
Ирина Фирсунина мен Денис Сидоров екеуі ғашықтар мерекесін атап өту үшін Шри-Ланкаға барған, деп хабарлайды Аргумент и Факты газеті.
Жігіттің сөзіне қарағанда, Ирина балалар түсетін бассейннің жанында отырған. Бассейн қонақ үйдің жанында. Бір уақытта қыздың жүрегі айнып құлап, естен танып қалған. Кезекші дәрігерлер туристке қанша көмектеспек болғанымен, оны аман алып қала алмаған.
- Мәйітті тасып әкелу мен оған көрсетілген медициналық қызметтердің ақысын төлеуге менде қаржы. Ал сақтандыру компаниясы өтемақы төлей отыр. Өйткені мәйітті медициналық тексеруден өткенімен, өлімнің нақты неден болғандығын анықтай алмаған. Бірақ Иринаның суға тұншықпағаны анық, - дейді Денис.
Қазіргі уақытта Денистің достары мен туысқандары Иринаның мәйітін Қазақстанға әкеліп жерлеу үшін қаржы жинауда.