Тәжікстанда адамдар ұннан уланып қалды
Ұнның ұнтағына бидаймен бірге улы өсімдік гелиотроп араласып кеткен
Таулы Бадаһшан автономиялық облысының 34 тұрғыны ұннан уланып аурухана түсті, деп хабарлайды елдің денсаулық сақтау министрлігі.
- Тағы да 1600 адам медициналық тексеруден өтті. Қазіргі уақытта 12 бала мен 22 ересек ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 23 жастағы аяғы ауыр келіншек бар. Жағдайы ауыр, - дейді денсаулық сақтау министрлігі.
Аудан тұрғындары улы шөп қосылған ұнды өткен жылдың желтоқсан айынан бастап тұтына бастаған. Дәрігерлердің айтуынша, ауру белгілері тек көктемде ғана байқала бастауы мүмкін.