ШҚО-да қысты күні су тасқыны болуы мүмкін
Биыл қыста қар аз жауып, қаңтарда аяз қатты болды. Соның кесірінен өзен арнасы қатып, күн жылынған соң ери бастады
Су тасқыны болуы мүмкін екендігін ШҚО Төтенше жағдайдар департаменті хабарлап отыр. Соңғы рет қысқы су тасқыны тек 2010 жылы ғана болған.
Биыл жауған қардың қалыңдығы небары 25 сантиметр. Өңірде қар бұлай аз жаумаған. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, топырақ 150 сантиметрге дейін қатып қалған.
- Глубокое, Катонқарағай ауданындағы ауылдарды су басуы мүмкін. Солоновка, Сарымсақты, Көктерек, Солдатово өзендері еріп, су тасуы ықтимал, - дейді ШҚО ТЖБ басшысының орынбасары Александр Ломыгин.
Ал Қазгидромет ақпан айында боран болатындығын айтып отыр. Кейбір өңірде қар қалың жаууы мүмкін.
Қазіргі уақытта құрамында 1000 қызметкер, 300 техника мен 56 қайық бар құтқару тобы құрылуда.