Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Үлкен жарылыстың алдын алды

Өскемен қаласындағы өндірістік орындардың бірінде төрт бірдей оттек баллоны жарылып кете жаздады

12 ақпан күні түнгі 22.00 шамасында Ташкентская көшесі бойында өрт шығып, ауданы 170 шаршы метр ғимарат отқа оранды.

Құтқарушылар тілсіз жаудың құрсауынан төрт оттек баллонын алып шыққан. Газель көлігі мен баллондар дер кезінде шығарылмаған жағдайда атылып кету қаупі бар еді.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды бір жарым сағатта ауыздықтады. Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өртті сөндіруге 12 техника жұмылдырылған. Ғимаратта болған араланған материалдар, ілме төбе, жылытқыш және тағы да басқа құрылғылар жанып кетті.

Мамандардың пайымдауынша, өрттің шығуына отқа салғырт қарау, жұмыстың апаттық жағдайы немесе электр құрылғыларын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болуы мүмкін деген үш нұсқа бар.
Следующая →