Ташкент балабақшасында балаларға шикі ет берілген
Мектепке дейінгі білім беру министрінің күтпеген жерден келуі салғырттық тудырған
23 қаңтар күні Өзбекстанның мектепке дейінгі білім беру министрі Агриппина Шин Ташкенттің бірнеше балабақшаларына тексеру жүргізген, деп хабарлайды CaNews сайты. №206 Юнусабад балабақшасын түскі 12:20 кезінде тексеру барысында балаларға түскі астың берілмегені министрді ойландырып тастаған. Асханаға кірген министр түскі асқа асбұршақ берілуге тиісті екенін оқыған. Тағамды көріп шыққан ол, жеңіл тағамның құрамындағы шикі етті байқайды.
Аспаздардан жауап алу барысында Э. Мамедова есімді аспаздың етті үнедеп 35 киллограмның орнына, 31-ін ғана салғанын білген. Ал министрдің келгенін естіген аспаз сасқанынан тағамға шикі ет салып жібереді. Оқиға нәтижесінде балабақша басшысы, аспаз және қойма басшысы жұмыстан қуылды.