Кабулдегі лаңкестер шабуылы кезінде Қазақстан азаматы көз жұмды
Қаза болған азаматтың мәйітін елге жеткізу мәселесі шешілетін болады
Кабулдегі Intercontinental қонақ үйінде 40 жастағы қазақстандықтың көз жұмғандығы туралы қазақстандық ХАА баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнақов хабарлады.
- Бұл қайғылы хабар Ауғанстаннан жеткен. Қазақстанның 1978 жылғы азаматы қонақ үйдегі содырлардың атысы кезінде көз жұмған. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз, - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Анықталғандай, 20 қаңтар күні Кабулдегі "Интерконтиненталь" қонақ үйіне лаңкестер шабуыл жасаған. Олар қонақ үй тұрғындарына оқ жаудыра бастаған.
Следующая →