Қостанай облысында полицейлер 26 адамды құтқарды
Қостанай-Әулиекөл бағытында қатынаған "VAN" маркалы қытай автобусы жолда сынып, жүргізуші мен 25 жолаушы қыстың аязды күні үсіп қала жаздаған
Төтенше оқиға 3 қаңтар күні Талапкер ауылының маңында орын алған, деп хабарлайды kazinform сайты. Автобустың қозғалтқышы қатып қалып, істен шыққан. Арасында нәзік жандылар мен балалар болған 25 жолаушыға қауіп төнген.
Қуанышқа орай, автобус маңайынан әмбебап полицейлер экипажы өткен. Екі аға сержант оқиғаның себеп-салдарын анықтағаннан кейін жолаушыларға көмек берген.
Кейін автобус жүргізушісі құтқарушы азаматтардың мекенжайына алғыс хат жолдаған. Алғыс хаттың арқасында екі азаматтың ерлігі елге жария болған.