Мәскеуде ер адам сығандардың құлдығында 4 ай жүрген
Тек кездейсоқтықтың арқасында қашып құтылған ер адам, Воронеж ауданындағы үйіне екі ай бойы жол жүрген
«Лиза Алерт» қозғалысының еріктілері 12 қаңтар күні жоғалып кеткен Владимир Бунинді іздестіріп жүрген. Іздеу барысында олар аялдамада тоңып отырған ер адамды кездестірген. Әңгіме барысында ерекше оқиғаға құлағдар болған.
- Оны сығандар күштеп алып кетіп, Мәскеуде төрт ай бойы құрылыс жұмысына салған. Жұмысы үшін ешкім ештеңе төлемеген. Ақшасыз, құжатсыз қалған Анатолий Николаевич үйіне қайтуға бел буады. Крышан Мәскеулен үйіне қарай екі ай бойы жол жүрген. Жолда көліктер тоқтамағандықтан, күніне 15-20 шақырымнан жүріп отырған, - дейді ер азаматтың оқиғасын баяндаған еріктілер.
Күн қатты суып кеткендіктен, ер адам аялдамада жан сауғалауды жөн көрген. Осы сәтте еріктілер кездестірген.
- Қолдары мен аяғы тоңып қалған. Ыстық шай беріп, жедел жәрдем шақырдық. Олар 25 минуттан соң келді. Оны Беседин ауруханасына алып кетті. 14.01 күні таңертең ауруханадан шығарып, Воронежге алып келдік, - дейді еріктілер.
Крышанның туысқандарына хабарласқан еріктілер, олардың бірнеше ай бойы төрт көз болып жүргендерін естіген. Ер адам 14 қаңтар күні үйіне аттандырылды.