Интернет-дүкеннің иесі кек алу үшін 850 шақырымды жүріп өткен
Интернет-дүкеннің иесі қызметіне қатысты пікір қалдырған бойжеткеннен кек алу үшін 850 шақырымды жүріп өткен
Сяо Дай есімді бойжеткен танымал интернет-дүкендердің біріне тапсырыс беріп, ақысын төлеген. Бірақ үш күннен кейін де тапсырысы келмеген. Клиент сатушының парақшасына жағымсыз пікір қалдырып, ақшасын қайтаруды талап еткен.
Нәтижесінде оның өмірі тозаққа айналды. Сатушы Саяоға қоқан-лоқы көрсетіп, телефон арқылы сес көрсеткен. Бойжеткен пікірін өшіруден бас тартқанда, сатушы онымен көзбе-көз кездесуге шақырған. 850 шақырым жолды жүріп өткен сатушы қызды аңдып, соққыға жыққан.
Сяо Дай бас және өзге де жарақаттармен ауруханада жатыр. Ал азамат болса, қамауға алынды.
Следующая →