Астанада ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Қалада қар қалың жауып, жолдарды бітеп тастаған
Астана қаласының маңында 11 қаңтар күні түнде қарлы боран басталған. Ол Астананың өзіне де жетіп, көшені қарға толтырып, елдің мазасын кетірді. Мектеп мен колледжде сабақ шегерілді. Қаладағы халықаралық әуежай жабылып, Астанадан шығатын тас жолдардың барлығына шектеу қойылды.
Соған орай, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев төтенше жағдай жариялады.
- Ауа райының күрт бұзылуына байланысты қала әкімдігі төтенше жағдай жариялайды, - деп жазды бүгін Әсет Исекешев өзінің Фейсбуктегі парақшасында .